Журнал туралы

Монография — нақты бір ғылыми мәселе бойынша бір автор немесе авторлар ұжымы жазған іргелі еңбек. Монографияда мәселенің тарихы, зерттеліп отырған ғылыми проблеманың қазіргі жағдайы және оны шешу жолдары қамтылады.
Монографияның негізгі міндеті — автордың өз зерттеу үдерісінде қол жеткізген нәтижелерін қолжетімді түрде баяндау. Автор өз нәтижелерін ғылыми еңбектерге, соның ішінде өз еңбектеріне де сілтеме жасай отырып ұсынады, оларды дәлелдейді және түсіндіреді, зерттеу әдістемесіне сипаттама береді.
НАО «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінде» қарастыру үшін авторлар жеке өзі немесе авторлар ұжымы дайындаған монографиялар қабылданады.
Монографияны Ғылыми-техникалық кеңес (ҒТК) отырысында қарау үшін ҒТК хатшысына папкада төмендегі құжаттарды тапсыру қажет:
• Университет Ғылыми кеңесінің Төрағасының атына барлық авторлар қол қойған өтініш;
• монографияның басып шығарылған қолжазбасы;
• монографияның электрондық нұсқасы;
• рецензиялардың түпнұсқалары – сыртқы және ішкі;
• кафедра отырысының жариялауға ұсыну туралы көшірмесі;
• автор(лар) өз зерттеу нәтижелерін ғылыми қауымдастыққа ұсынған ғылыми институт/зертхана отырысының көшірмесі;
• монографияның ғылыми басылымдарға қойылатын барлық талаптарға сәйкес келетіні, баспаға ұсынылатыны және алғаш рет жарық көретіні туралы факультет Ғылыми кеңесі отырысының көшірмесі;
• плагиаттың жоқтығы туралы анықтама. Жариялауға ұсынылған монографияның түпнұсқалығы кемінде 70% болуы тиіс.