2025
Статьи

Е. А. Бөкетов публицистикасының идеялық-эстетикалық мәселелері

Е. А. Бөкетов публицистикасының идеялық-эстетикалық мәселелері

Жарияланды 2026-02-18

Аңдатпа

Монографияда Е.А. Бөкетовтің аса бай публицистикалық мұрасы идеялық эстетикалық тұрғыдан жан-жақты зерттелген. Зерттеудің теориялық және тәжірибелік негізі ретінде ғалым-публицист Евней Арыстанұлы Бөкетовтің қаламгерлік қырын танытатын ғылыми-танымдық мақалаларына, кітаптарына сараптама жүргізілген, олардың библиографиялық тізбесі берілген. Сонымен қатар, автор монографияда Е.А. Бөкетов шығармашылығының тілдік қуаты мен сөз қолданыстарын кеңінен саралап, жүйелі зерттеу жүргізген. Ғылыми еңбекте Е.А. Бөкетов публицистикасындағы уақыт бедері мен сол кездегі қоғамның саяси-әлеуметтік келбеті ғылыми тұрғыдан кеңінен талданған. Ұсынылып отырған монография ғылыммен айналысушы магистранттар мен докторанттарға, көпшілік оқырманға арналған.