Жариялау этикасы
"Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті" КЕАҚ баспасы халықаралық ұйымдар, соның ішінде Committee on Publication Ethics (COPE) және International Committee of Medical Journal Editors (ICMJE) белгілеген этикалық қағидаттарды қатаң сақтайды, жариялау практикасының жоғары стандарттарын және озық халықаралық практика нормаларына сәйкестігін қолдайды.
Редакторлар жариялау үшін ғылыми басылымдарды (монографияларды, кітаптарды, кітаптар сериясын) іріктеуге жауапты болады, жала жабуға, авторлық құқыққа және плагиатқа қатысты заңнамалық талаптарды бұзатын материалдарды қабылдамауға құқылы, сондай-ақ ұсынылған қолжазбалардың жарияланғанға дейін олардың құпиялылығын қамтамасыз етуге міндетті.
Баспа этикасын сақтау авторлар тарапынан да, редакциялық ұжым тарапынан да міндеттерді орындауды көздейді.
Сапа мен ашықтықты қамтамасыз ету үшін редакция жасанды интеллект көмегімен жасалған мәтіндерді анықтау үшін арнайы құралдарды қолданады. Жасанды интеллектті дұрыс пайдаланбаған қолжазбалар қабылданбауға жатады.
Редакторларға, редакциялық алқа мүшелеріне және рецензенттерге рецензияларды дайындау кезінде генеративті жасанды интеллектті пайдалануға тыйым салынады, өйткені мұндай құралдарды қолдану авторлардың жеке өмірі мен зияткерлік меншік құқығын бұзу қаупін тудырады.